Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің кездесуі өтіп жатыр

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев «Көксарай» президент резиденциясында кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің кездесуі өтіп жатыр

Кеңейтілген және жабық форматтағы келіссөздер барысында екі елдің көшбасшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда, сондай-ақ өзекті аймақтық және халықаралық тақырыптарда екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.

Келіссөздер соңында екіжақты құжаттарға қол қойылып, бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасалады деп жоспарланып отыр.

Мирас Куандыков