Ташкентте қазақстандық деректі фильмдердің көрсетілімі болды

ТАШКЕНТ.  Қарашаның  11-і. ҚазАқпарат /Құрмат  Самархан/ -  Сейсенбі күні Ташкентте деректі фильмдердің «Жанданған  диалогтар-4» IV  халықаралық семинары    жұмысын   бастады.  Семинар жұмысына    Өзбекстан,  Қазақстан, Қырғызстан,  Түрікменстан  және  Тәжікстан  елдерінің   деректі кино түсірушілері  қатысуда. 

Ташкентте   қазақстандық деректі фильмдердің көрсетілімі болды

 Әр ел  семинарға соңғы  2 жылда   түсірілген  4-5   деректі фильм әкеліп  отыр.

Қазақстаннан    барған  делегацияның  өкілі - кинотанушы,  «Еуразия»     халықаралық  кинофестивалінің   арт-директоры  Гүлнәр  Әбікеееваның айтуынша, бұл семинар   Орталық  Азия  аймағының  деректі фильмдері     үшін     маңызды   болып табылады.  Кеңес дәуірі  кезінде   бұл сала  жоғары  деңгейде  болатын,  бірақ     соңғы жылдары деректі киноның  ролі  төмендеп кетті.

«Бірінші күні, семинардың ашылуында  қазақстандық   бағдарлама көрсетілді.  Оған «Керек емес   дүниелер факультеті», «Алаш  Орда», «Яссы -   Түркістанның  рухани   орталығы», «Асау мінезді Жантөрин» сияқты  фильмдер  кірді»,  дейді  Г.Әбікеева.

«Семинар  аясында  мен  сондай-ақ     тәуелсіздікке   дейін  және одан кейін түсірілген 70 шақты фильм  жинақталған  Орталық  Азия    деректі фильмдерінің  DVD топтамасын   таныстырамын», деді  қазақстандық  кинотанушы.