Ташкентте қазақстандық дипломаттар шахмат турниріне қатысуда

ТАШКЕНТ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан елшілігінің қызметкерлері димпломатиялық корпустың қызметкерлері арасында шахматтан өтіп жатқан IX турниріне қатысуда.

Ташкентте қазақстандық дипломаттар шахмат турниріне қатысуда

Дәстүрлі түрде Өзбекстанның СІМ дипломатиялық сервисінің қызметімен өткізіліп жатқан турнирге ағымдағы жылы елшіліктерден, халықаралық ұйымдардан, шетелдік компаниялар мен ӨР сыртқы істер министрлігінен 20-дан астам команда қатысуда.

Жарысқа қазақстандық дипломаттар үш команда ұсынды. Дипломаттар ФИДЕ тәртіптері бойынша 7 кезеңде жарысқа түсуде, жеңімпаздар бүгін анықталады.