Ташкентте Мемлекет басшысының Жолдауына арналған брифинг болды

ТАШКЕНТ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан Республикасының Ташкенттегі Елшілігінде Мемлекет басшысының «Дағдарыстан – дамуға» деген Жолдауына арналған брифинг болып өтті.

Ташкентте Мемлекет басшысының Жолдауына арналған брифинг болды
Іс-шараға Өзбекстанның жетекші бұқаралық ақпарат құралдары мен жергілікті қазақтілді баспасөз өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Брифинг барысында журналистер Жолдаудың негізгі қағидаттарымен таныстырылды. Қазақстанның әлемдік экономикалық дағдарысқа орай жедел әрекет еткен әлемдегі алғашқы елдердің бірі болғаны аталып өтті. Ұлттық қор құрудың және қаржы сақтаудың мақсатты саясаты арқасында қазақстандық экономиканың беріктігі қамтамасыз етілді.Брифинг барысында Мемлекет басшысының «Российская газетада» жарияланған «Дағдарыстан шығудың кілті» деген мақаласында баяндалған әлемдік экономиканың негізгі мәселелері бойынша еліміз Президентінің ұстанымы таныстырылды. Кездесудің соңында журналистер назарына өзбек, қазақ және орыс тілдерінде шығарылған 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды. Жоғарыда аталған бағдарламаның алдағы уақытта Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне арналғаны атап көрсетілді.