Ташкентте мұнай-газ секторының проблемаларына арналған халықаралық конференция өтуде

ТАШКЕНТ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Өзбекстан елордасында кеше, мамырдың 13-інде «Өзбекстанның мұнайы мен газы- OGU 2009» халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады.
None
None
Ол шараға әлемнің 30 елінің мамандары мен ғалымдары қатысуда. Форумның алғашқы күні Өзбекстан, Түрікменстан, Қазақстан, еуропалық елдердің министрліктер мен ведомство өкілдері баяндама жасады. Баяндама жасаған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының вице-президенті Данияр Берлібаев, экономикадағы мұнай-газ секторының маңыздылығы мен өзбек және түрікмен серіктестермен ынтымақтастықтың табыстылығын атап көрсетті. Бүгінде Қазақстан арқылы да, «Орталық Азия-Орталық» және «Бұхара-Орал» жүйелері арқылы да Өзбекстан мен Түрікменстаннан табиғи газ транзиттеледі. Негізгі серіктес - «ҚазМұнайГаз», қызметін пайдаланушы ресейлік «Газпром» компаниясы, бұл жобаларда өзбек және түрікмен серіктестермен өзара түсіністік бар, дейді Д.Берлібаев. Транзиттің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «ҚазМұнайГаз» «Орталық Азия ? Орталық», «Бұхара ?Орал», және басқа да жүйелердің жаңа тармақтарын тартуға соңғы үш жылдың өзінде 800 миллион доллардай инвестиция салып отыр.
Соңғы жаңалықтар