Ташкентте өтіп жатқан ретромобильдер көрмесінен фоторепортаж
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында өтіп жатқан Hilton Auto Expo көлемді автомобиль көрмесінде ретромобильдер мен қазіргі заманғы автокарлар қойылған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Өзбекстан астанасының тұрғындары мен қонақтары 15 күн бойы Tashkent City паркінде ретроавтомобильдер көрме-бәссаудасына барып, онда елдің жетекші көлік салондарының модельдерімен таныса алады.
Сондай-ақ автомобиль күтіміне арналған заманауи аксессуарлар мен құралдар туралы ақпарат алуына болады.
Көрмеде сонымен қатар 200-ден астам автомобиль маркасы, тіпті Airbus H130 тікұшағы ұсынылған.

Көрмеге қойылған өткен ғасырдың 50-70-жылдарындағы кеңестік, неміс және американдық автомобиль маркалары қонақтардың ерекше қызығушылығына бөленді.
Олардың көбі – қазіргі жолдарда сирек кездесетін көліктер.
Көрмеге келушілер сирек модель иелерімен танысып, көліктерді қалпына келтіру тарихын біле алады, ал ниет білдіргендердің ұсынылған автомобильдерді сатып алуға мүмкіндігі бар.










