Ташкентте Өзбекстан және Ресей сыртқы саясат ведомстволары арасында консультациялар болып өтті
ТАШКЕНТ. 5 қараша. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Ташкентте Өзбекстан және Ресей сыртқы саясат ведомстволары арасында консультациялар болып өтті.
Кездесуде Ресей делегациясын статс-хатшы, РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин басқарды, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Кеңестер барысында тараптар Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастың қазіргі деңгейін, қарым-қатынастар дамуының болашағын талқылап, ортақ мүддеге ие аймақтық және халықаралық маңыздағы мәселелер туралы пікіралмасты.
Тоғыз ай ішінде 4,5 млрд. АҚШ долларына жеткен екіжақты сауда айналымның дамуы аталып өтілді.