Ташкентте шағын жер сілкінісі болды - БАҚ

ТАШКЕНТ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасында шағын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды өзбектің ғаламтор басылымдары.

Ташкентте шағын жер сілкінісі болды - БАҚ

20 ақпан күні сағат 07:24-те Ташкент қаласында шағын жер сілкінісі болды, оның эпицентрі көршілес жатқан Қырғызстанда орналасқан. «Ташкент» сейсмологиялық стансасының мәліметтері бойынша, Өзбекстан астанасындағы жер асты дүмпулердің күші екі балды құрады.

 Ташкекенттен солтүстік-шығысқа қарай шамамен 300 шақырым жерде орналасқан эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы 4,9-ды құрады.