Ташкентте шахтада жарылыс орын алды, 25 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкент облысы Ахангаран ауданында алтын өндіретін қараусыз қалған шахтада жарылыс орын алып, 25 адам қаза тапты, деп хабарлады жұма күні "Озодлик" радиостанасы, деп жазады РИА Новости.

Радиостанса деректеріне сүйенсек, 13 шілдеде Кочбулак ауылына жақын орналасқан Алмалық тау-кен-металлургиялық комбинатына тиесілі қараусыз шахтада күшті жарылыс орын алды. "Салдарынан 25 адам қаза тапты", - деп хабарлады оқиға орнындағы көздерге сілтеме жасап "Озодлик". БАҚ қараусыз шахтада заңсыз алтын өндірмек болған екі топ арасында жанжал орын алып, жарылыс соның салдарынан болғанын атап өтеді. "Кочбулак ауылының тұрғындары топпен алтын іздеуге келген. Сол күні екі топ арасында жанжал орын алған, жеңілген жақ шахтаны ұстап тұрған бағанды өртеп жіберген. Іште қалғандарға тау құлап, олар улы түтінге уланған", - деп келтіреді "Озодлик" жергілікті тұрғындардың бірінің сөзін келтіріп. Республиканың ресми билік өкілдері болған жағдайға қатысты әзірге еш түсінік бермей отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram