08:00, 28 Қазан 2009 | GMT +5
Ташкентте Шыңғыс Айтматовқа арналған көрме ашылды
ТАШКЕНТ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Сейсенбі күні Өзбекстанның Бейнелеу өнері галлереясында Қырғызстанның халық суретшісі Юристанбек Шығаевтың көрмесі ашылды.

Шыңғыс Айматовқа арналған «Көшпелі» деп аталатын көрмені Қырғызстанның Өзбекстандағы Елшілігі, Өзбекстанның Көркемсурет академиясы және Өзбекстанның Бейнелеу өнері академиясы ұйымдастырып отыр.
Ұйымдастырушылардың атап көрсетуінше, Ю.Шығаевтың өнері тек жергілікті ортаға ғана емес, қырғыз мәдениетімен таныс емес әлемдік басқа да елдерінде сұранысқа ие. Өнерді бағалаушылардың назарына бұл жолы суретшінің түрлі жанрдағы 57 туындысы таныстырылды.
Көрменің ашылуына Өзбекстанда тіркелген бірқатар дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, сондай-ақ суретшінің жанкүйерлері қатысты.