Ташкентте ШЫҰ саммитінде 400-ге жуық журналист жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23-24 маусымда Ташкентте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінде жұмыс істеу үшін 400-ге жуық жергілікті және шетелдік журналистер аккредиттелді, деп хабарлады саммит баспасөз орталығына сілтеме жасап РИА Новости.
None
None

«ШЫҰ саммитін жариялауға Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан, Беларусь, Иран, Моңғолия және басқа да мемлекеттерден бұқаралық ақпарарт құралдарының 200-ге жуық өкілі, сондай-ақ Өзбекстанның 200-дей журналисті қатысады», - деп хабарлады баспасөз орталығы.

Баспасөз орталығы «Өзбекэкспоорталық» көрме павильондарының бірінде мыңдаған шаршы метрге жуық алаңды алады. Ол саммит шараларымен тікелей хабарды енгізу үшін теледидар экрандары орнатылған бірнеше модулдерден тұрады, сондай-ақ сымсыз интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бұрын Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясы онлайн режімінде ШЫҰ саммитін жариялау үшін арнайы хабар тарататын телеарнаны іске қосатынын хабарлаған.

ШЫҰ-ға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері кіреді. Бақылаушы мәртебесі Беларусь, Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан, Ауғанстанда бар. 2015 жылы ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанды қабылдау рәсімі басталды. Уфада ШЫҰ саммитінде ұйымға төрағалық Ресейден Өзбекстанға өткен.

Соңғы жаңалықтар