Ташкентте судья 100 мың доллар пара алғаны үшін сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жедел қызметкерлері өткен жылы Ташкент қалалық қылмыстық іс жөніндегі сотының судьясы Анваржон Зияевті 100 мың доллар алып жатқан кезде қылмыс үстінде ұстады, депа хабарлайды podrobno.uz .
None
None

«Судья бұрын шығарылған сот шешімін өзгертуге жәрдемескені және қылмыстық іс материалын қосымша тергеуге қайтарғаны үшін алған. Зияевқа қатысты Өзбекстан қылмыстық кодексінің 207-бабы, 2010-бабы, 231-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелді», - деп хабарлады ҰҚҚ өкілі.

Судьяға қатысты қылмыстық істі Өзбекстан Республикасы Жоғарғы соты қарады. Таяуда шешім шықты. А. Зияев 12 жылға сотталды.

Соңғы жаңалықтар