Ташкентте ТМД елдерінің энергожүйелеріне қатысты мәселелер талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымының электр энергетикалық жүйесінің 51-ші мәжілісі өтті, деп хабарлайды uza.uz.
None
None

Халықаралық ұйымдар мен ТМД мемлекеттерінің Энергетика министрлері және ТМД-ның Атқарушы комитетінің өкілдері қатысқан жиында электр энергетикасы саласында бірлесіп қызмет ету, аталмыш процес барысында құқықтық техникалық резервті жағырту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ күз және қыс мезгілдерінде ТМД-ға мүше елдердің энергетикалық жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселеелері жөніндегі баяндамалар тыңдалды. Жиында аталғандармен қатар электр энергетикасы саласындағы халықаралық құжаттар, ТМД-ның Электр энергетикалық кеңесінің нормативті-техникалық құжаттары, сондай-ақ энергия сыйымдылығы мен баламалы энергия көздерін дамыту жөніндегі жұмыс тобының құжаттарына қатысты жәйттер сөз болды.

Кездесудің қорытындысы бойынша, ТМД-ның электр энергетикасы кеңесінің шешімдеріне қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар