Ташкентте Виктор Цойды еске алуға арналған кеш өтті

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкент қалалық барының бірінде аңызға айналған кеңестік рок-орындаушы және «Кино» музыкалық тобының негізін қалаушы Виктор Цойды еске алуға арналған кеш өтті.
None
None

Онда атақты музыкант шығармашылығының жанкүйерлері ташкенттік «ПК» музыкалық рок-тобының орындауында сүйікті әртістерінің әндерін тыңдауға жиналды.

Музыканттың қайғылы қазаға ұшырағанына 24 жыл өткеніне қарамастан, оның шығармашылығы қазірдің өзінде тыңдармандардың жүрегінде және жаңа жанкүйерлерін жинауда. Концертке келген Цой музыкасы тыңдармандарының көпшілігі - әнші дүниеден өткеннен кейін туғандар. Сондай жас жігіттердің бірі Сергей Ким осы кештің ұйымдастырылуына мұрындық болды.

«Цой әрқашан да тірі және оның музыкасы біздің жүрегімізде. Ол ұлы музыкант, өмірден өткеніне көп уақыт болғанына қарамастан, біз оның әндерін сүйіспеншілікпен тыңдай береміз», - деп атап өтті С.Ким.

Виктор Цой 1990 жылғы 15 тамызда автокөлік апатынан қазаға ұшырады.

Соңғы жаңалықтар