Ташкенттегі метрода ер адам өзін пойыздың астына тастады

пойыз
Фото: UzA

Биылғы 28 қарашада сағат 14:58-де (Астана уақытымен 15:58) Ташкент метросының «Қойлық» стансасында белгісіз біреу (ер адам) өзін жүріп келе жатқан пойыздың астына тастаған, деп хабарлайды Kazinform «Ташкент метрополитені» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны хабарына сілтеме жасап.

«Жерүсті айналма жолы» бағытының бір бөлігі уақытша тоқтатылған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам оқиға орнында жан тапсырған. Дегенмен, әлі ресми мәлімет берілген жоқ.

«Жағдай туралы толық ақпаратты алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін береміз», – делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар