Ташкенттегі жанармай құю стансасында жарылыс болды, зардап шеккендер жоқ

ТАШКЕНТ. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасының халықаралық әуежай ауданында жанармай құю стансасында жарылыс болды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Ташкенттегі жанармай құю стансасында жарылыс болды, зардап шеккендер жоқ

Ташкент қаласы хокимиятыныңбаспасөз қызметінен нақтылағандай, 1 сәуір күні Яккасарай ауданындағы Кіші орамды жолының учаскесінде орналасқан жанармай құю стансасында отыны бар резервуар өртене бастады. Өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер болмады. Болған оқиғаның жағдайларын зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды.