Ташкенттіктер жер сілкінісін сезінді

ТАШКЕНТ. 7 қараша. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан астанасында дүйсенбі күні 16 сағат 59 минутта ошағы көрші Ауғанстан жерінде болған жер сілкінісінің жаңғырығы тіркелді.

Ташкенттіктер жер сілкінісін сезінді

Өзбектің интернет басылымдары хабарлап отырғандай, «Ташкент» сейсмостансасының хабарлауынша, Өзбекстандағы жерасты сілкіністерінің қуаты 2 баллды құрады.