Тасқын бүлдірген 3 мыңнан астам электр бағанасын қалпына келтіру керек - министр
АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев тасқыннан зардап шеккен аймақтардың электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берді.
«Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5000-нан 700-ге дейін азайды.
Ақтөбе облысында абоненттер саны 5,5 мыңнан жарымнан 13-ке дейін азайды.
Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шектелген абоненттер төрт есе, ал Атырау облысында үш есе азайды. Солтүстік Қазақстан облысында авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қалған 5000 абонент су деңгейі төмендегеннен кейін қосылады», - деді ол.
Министр тасқынмен байланысты төтенше жағдайды жоюға 9 000-нан астам энергетик маман атсалысқанын атап өтті.
«Тасқынмен күреске 2 145 арнайы автотехника тартылды. Жақын арада әртүрлі кластағы 3 000-нан астам электр бағанасын қалпына келтіру қажет», - деді Алмасадам Сәтқалиев.