Тасқын қорытындысы бойынша неше елді мекен көшіріледі – министр жауабы

Тасқын қорытындысы бойынша неше елді мекен көшіріледі – министр жауабы
Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM –  Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов тасқын қорытындысы бойынша елді мекендерді көшіру жоспарда жоқ екенін айтты.

«Тасқынның қорытындысы бойынша елдегі неше елді мекен қауіпсіз жерге көшіріледі?» - деп сұрады журналист Мәжіліс отырысынан кейін.

Министрдің сөзінше, ондай есеп әлі толық жүргізіліп бітпеген.

«Ол әлі саналып жатыр. Жалпы айтқанда, нақты елді мекендерді көшіру талқыланып жатқан жоқ. Зардап шеккен үйлер қалпына келтіріледі немесе жаңадан салынады. Түгелдей елді мекендерді көшіру туралы ондай ақпарат жоқ», - деді Шыңғыс Әрінов.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum