Тасқын қосқан көршілер ұйымшылдықпен дауыс берді

ОРАЛ. KAZINFORM – Зачаганск кентінде орналасқан көпқабатты үйде тұратын тасқыннан зардап шеккен тұрғындар кенттегі Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінде орналасқан учаскеде дауыс берді. Топан су көрші қылған ағайын осы күні баспананы емес, ел тағдырына қатысты мәселелерге алаңдайды. Сондықтан бір атаның балаларындай бірігіп, дауыс беру учаскесіне келген. 

Тасқын қосқан көршілер ұйымшылдықпен дауыс берді
Фото: БҚО әкімдігі

– Көктемде үйді қайдан аламыз деп алаңдап жүрген едік. Президенттің тапсырмасы, Үкіметтің тікелей қадағалауы, облыс басшылығының уақтылы атқарған тиісті жұмысының арқасында үйлі болдық. Енді елдің мәселесіне араласар уақыт келді. Отбасымызбен, тасқын татуластырған көрші-қолаңымызбен бірге дауыс беруге келдік. Пікіріміз әрқилы болса да даусымыз маңызды екені қуантады, - дейді Серік Есенгелдиев.

Тасқын қосқан көршілер ұйымшылдықпен дауыс берді
Фото: БҚО әкімдігі

Көктемгі тасқын қала тұрғыны Анна Сидоровичті де айналып өтпеді. Саяжайда орналасқан жалғыз баспанасынан айырылғанда Аннаның алғашында қатты алаңдағаны рас. Алайда облыс басшылығының іскерлігінің арқасында жақында оған қала аумағынан су жаңа баспана берілді. Жеке бастан гөрі елдің мәселесін жоғары қоятын Е.Орақбаев №23 жалпы орта білім беретін мектепте орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

Тасқын қосқан көршілер ұйымшылдықпен дауыс берді
Фото: БҚО әкімдігі

– Бүгінгі АЭС салу туралы референдумның маңызы жоғары. Бұл мәселе кез келген тұрғынды алаңдатуы тиіс деп есептеймін. Себебі, жарықсыз мына өмірді елестету мүмкін емес, - дейді қала тұрғыны.