Тасқын мен қуаңшылықтың алдын алатын су қоймалары салынады

АСТАНА. KAZINFORM - Алдағы 3 жылда 42 жаңа су қоймасы салынады. Гидро нысандар екі бағытта пайдаланылады. Бұл турылы су ресурстары және ирригация министрінің бірінші орынбасары Болат Бекнияз мәлім етті.

су тасқынына дайындық шаралары
Фото: ТЖМ

Шамадан тыс қар немесе жаңбыр суы текке жерге сіңіп кетпей жиналады. Сосын жаздыгүні егіс алқаптарына айдалады, яғни тасқынмен бірге қуаңшылықтың да алдын алуға көмек.

Сондай-ақ қазір қолданыстағы 37 су қоймасы қалпына келтіріледі деп жоспарланған.

– Біз жақын арада кешенді жоспарды бекіттік. Оның ішінде 42 жаңа су қойма салу. 37 су қойманы реконструкциядан өткізу. Сол су қоймалар су тасқынына қарсы әдейі пайдаланады. Екіншіден ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылады, - деді Су ресурстары және ирригация министрінің бірінші орынбасары Болат Бекнияз.

Айтуынша, құрылыс жұмыстары 2028 жылға дейін аяқталуы тиіс. 

Бұған дейін еліміздің солтүстік, батыс, орталық және шығыс өңірлеріндегі су қоймалары көктемде тасқын суды қабылдауға дайын болу үшін жаппай су жіберіп жатқаны хабарланды

Соңғы жаңалықтар