Тасқын су Атырау маңындағы Сарыөзек каналын жырып кеткен

АТЫРАУ. KAZINFORM – Жайық өзенінен құйылған тасқын су Атырау қаласының маңындағы Сарыөзек каналын жырып кеткен.

Канал Багырлай
Фото: Видеодан алынған кадр

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. 

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, Сарыөзек елді мекеніндегі шаруа қожалығының иелері де хабар берген.

«Сарыөзек каналы бойындағы бөгеттің үш метрдей аумағын су жырып кеткені анықталды. Соған байланысты қалалық әкімдігі мен «Арнаулы автобаза» ЖШС-дан 15 адам каналдың су жырған бөлігін қалпына келтіру жұмысын жүргізді. Бөгетті нығайту үшін құм толтырылған 1 тонналық 60 және 50 келілік 100 қапшық төселді. Бұл жұмыс 2 сағатта аяқталды. Осындай қауіптің алдын алу үшін арнайы топ тәулік бойына кезекшілік атқарады», - деп хабарлады Шәкір Кейкин.

Махамбет ауданының аумағынан бастау алатын каналдың ұзындығы – 60 шақырым. Су арансы Атырау қаласы және Еркінқала ауылдық округінің аумағымен өтеді. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау - Орал трассасынан Индерборға бұрылатын 7 шақырым жолды тасқын су шайып кеткенін жазған едік

Сондай-ақ, Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін екенін хабарладық