Тасқында эвакуацияланған 63 мың адам үйіне оралды

АСТАНА. KAZINFORM — Су тасқыны жағдайы бойынша 30 мамыр, сағат 10:00–дегі ақпарат жарияланды. 

су тасқыны
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, республика бойынша 63 032 адам үйіне оралды. 

5193 адам эвакуация пунктерінде тұрып жатыр.

27,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды.

8,1 млн астам қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.