Тасқынмен күрес және оның салдарын жою оңайға соққан жоқ – БҚО әкімі

АСТАНА. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысы көктемде тасқын судан зардап шеккен өңірлердің бірі. Өңірде жол қатынасы үзілді, біраз адам баспанасыз қалды. Дегенмен жедел шаралар мен уақтылы шешім қабылдаудың нәтижесінде тасқын салдары жойылып жатыр. Тасқынмен күрес туралы толығырақ Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев айтып берді.

аким Западно-Казахстанской области Нариман Турегалиев
Фото: БҚО әкімдігі

«Су тасқыны салдарынан 2 мыңға жуық тұрғын үй және 15 мыңдай саяжай учаскелері су астында қалды. Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында 9994 отбасыға 3,6 млрд теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Бұдан бөлек, 10 мыңнан астам отбасыға келтірілген шығындарға 3,7 млрд теңгеге материалдық көмек берілді. Тұрғындардың баспанасын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 4,3 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы саны 1939 пәтер сатып алынды және 889 жаңа тұрғын үй салынды», - деді Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Одан бөлек, қайырымдылық қорлары есебінен 69 жанұяға жаңа баспана берілді. 

«Осы орайда қиын сәтте қол ұшын созған барша азаматтарға және демеушілерге алғыс айтамын. Тасқынмен күрес және оның салдарын жою, тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру оңайға соққан жоқ», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар