Тасқынмен күреске қанша техника тартылды

техника
Фото: ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар вице-министрі  Бауыржан Сыздықов тасқынмен күрес жұмыстарына қанша техника тартылғанын мәлім етті.

«Бүгінгі таңда су тасқынын жоюға 32 мыңнан астам адам, 5 мыңға жуық техника, 310 жүзу құралдары мен 13 тікұшақ тартылды. Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік күзет қызметі мен Ұлттық Ұланға су тасқынын жоюдағы қосқан үлкен үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. 10 өңірге авариялық және шұғыл жұмыстарды үздіксіз жүргізу үшін көптеген арнайы техникалар мен басқа да мүліктер жедел броннан шығарылды. Осы және өзге де қосымша күштер «Қазақстан темір» жолы арқылы өңірлерге уақытылы жеткізілді. Қазір кейбір күштер өз аймақтарына оралып жатыр», - деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол ведомство мамандары әкімдіктермен бірлесіп зардап шеккендердің материалдық шығынын есептеп жатқанын атап өтті.

«Біз тәулік бойы су қоймаларына мониторинг жүргізуді жалғастырудамыз. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су басу қаупін азайтудың барлық қажетті шараларын қабылдаймыз», - деді Бауыржан Сыздықов.

Соңғы жаңалықтар