Үйін тастап, уақытша көшірілгендер саны 111 мыңнан асты

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш тасқын салдарынан үйін тастап шыққан 11 950 адамның баспанасына қайтқанын айтты. 

су тасқыны
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

«Су тасқыны басталғаннан бері 111 194 адам, оның ішінде 39 222 бала қауіпсіз жерге жеткізілді. Уақытша орналастыру пунктерінде 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала орналасқан. 11 950 адам үйіне оралды», - деді ол.

Ерасыл Сайпаштың сөзінше, 9 млн 500 мыңнан астам текше метр қар суы сорып шығарылған. 

«Сондай-ақ, 2 млн 200 мың қап, 1 млн 200 тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық құтқару жұмыстарында 33 334 адам, 4 066 техника, оның ішінде 835 су соратын құрал, 275 жүзу құралы, 11 әуе кемесі жұмыс істеп жатыр», - деді ТЖМ өкілі.

Соңғы жаңалықтар