Тасқыннан кейін салынған үйлердің сапасына неше жыл кепілдік беріледі

АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев көктемдегі тасқын салдарына байланысты бой көтерген 2,5 мыңнан астам үйдің сапасына мердігерлер 2 жыл кепілдік беріп отырғанын айтты.

конго
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Тасқыннан кейін қайта салынған 2576 үйдің сапасына кім және қанша мерзімге кепілдік береді. 4-5 жылдан кейін бұл үйлер қирап жатса, кім жауап береді?» - деп сұрады журналист Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, сапа кепілдігін сол үйлердің салған мердігерлер береді.

«Салынған 2600 үйдің көбі жеке үй екенін түсіну керек. Ол үйлерге әр мердігер 2 жыл мерзімге кепілдік береді. Осы екі жылдың ішінде бірдеңе болса, мердігер жөндеп беруге міндетті болады», - деді Қанат Шарлапаев.

Соңғы жаңалықтар