Тасқыннан зардап шеккен 74 тұрғынға психологтың шұғыл көмегі қажет болған

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тасқын аумақтарынан дәрігерлерге түскен қоңыраулар туралы мәлімет айтты.

Психологиялық курстан өткен отбасыларда тұрмыстық жанжал қайталанбайды – ІІМ
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Төтенше жағдайлар министрлігінің желісі бойынша «Қызу желі» телефондарына су тасқыны басталған сәттен бастап 1072 қоңырау келіп түсті, 74 жағдайда психологтардың тарапынан шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. Кеңес алу үшін зардап шеккен адамдарға 36 психолог жұмыс істеуде.

Біз жергілікті жерлерде денсаулық сақтау мәселелері бойынша байланыс орталықтарының қолданыстағы нөмірлерін еске салғымыз келеді. Бұл нөмірлерді Денсаулық сақтау министрлігі мен денсаулық сақтау басқармаларының сайтынан және әлеуметтік желілерінен таба аласыздар», - деді ресми өкіл.

Сондай-ақ, Әйгерім Оразалиева ел аумағында инфекциялық эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін айтты.