TasksCat интернет жобасынан қаржы пирамидасының белгілері анықталды
«Азаматтарға тапсырмаларды орындау арқылы 2 500 теңге көлемінде табыс табу ұсынылды. Жаңа қатысушыны шақырғаны үшін төлемдерден 5-15% берілді. Ұйымдастырушылар 100-1000% кірістілікпен «кешенді қызмет» сатқан», - делінеді ресми хабарламада.
Сондай-ақ, адамдарды өздеріне дейінгілердің «табысқа жету жолы мен жеңімпаздардың фотосуреттерін жариялау» арқылы да қызықтырған.
Мониторинг жүйелері қаржы пирамидасының сайты жұмыс істемейтіні анықталды. Сайтты бұғаттау және халықты жинақтарын жоғалту қаупінен қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында Telegram желісінде көрсетілген мәлімет Ақпараттық кітапқа тіркеліп, тиісті қорытынды жасау үшін ҚНРДА жолданады. Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады», - деп мәлімдейді Агенттіктен.