Тасқын су 800 жылдық тарихы бар ағаш көпірді қиратып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Цзянси провинциясында тасқын су осыдан 800 жыл бұрын салынған атақты көпірді қиратып кетті.
Видеоролик People's Daily, China порталының "Твиттердегі" парақшасында жарияланған.
Желідегі видеода бейнеленгендей, ағаш құрылымды алапат ағын су өзімен бірге алып кеткен.
Көпір бұл аймақта тасқын жиі болатындықтан, оның 11 құрылымы бір уақытта қирамайтындай салынған. Сондан болар, құрылымның негізгі бөлімі сегіз ғасыр бойы сақталып келген. Бұл көпір жергілікті тұрғындар мен туристер арасында танымалдылыққа ие еді. Оның үстімен жүрген адам бақытты және табысты болады деген ұғым қалыптасқан.
#VIDEO : Watch as floods destroy the 800-year-old Rainbow Bridge in Wuyuan, Jiangxi province pic.twitter.com/4zhYqsYcNL
— People's Daily,China (@PDChina) 29 июня 2017 г.