Тасқыннан қаза тапқандар саны 10 мыңнан асуы мүмкін
АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - Уттаракханд штатының Ассамблея өкілі Үндістанның солтүстігіндегі тасқыннан қаза тапқандар саны 10 мыңнан асуы мүмкіндігін мәлімдегенімен, ел билігінің бұл туралы мәліметі басқаша.
Олардың есебінше, қайтыс болғандар 6,5 мың адамнан аспайды. Естеріңізге сала кетейік, нөсер жаңбыр мен лай көшкіні 2 аптадан бері толастамай отыр. Тасқын салдарыннан 4 мыңға жуық тұрғын сырт әлемнен оқшауланып қалған. Бұл аумақтарға баратын жолдар опырылған. Сондықтан құтқару жұмыстарына 55 тікұшақ тартылды. Жалпы 90 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге шығарылған, деп хабарлайды 24.kz .