Тасмағамбетовті Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне тағайындау жөніндегі Елбасы Жарлығы шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Еске сала кетсек, 3 ақпанда Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң Иманғали Тасмағамбетовты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясынындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындау жөнінде шешім қабылдағандығын жария етті.Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов
1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысында дүниеге келген.
1991 жылдан - ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.
1993 жылдан - ҚР Президентінің көмекшісі.
1995 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
1997 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Білім және мәдениет министрі.
1997 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі.
1998 жылдан - ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі.
1999 жылдан - Атырау облысының әкімі.
2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
2002 жылдан - ҚР Премьер-министрі.
2003 жылдан - ҚР Мемлекеттік хатшысы.
2004 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласының әкімі.
2008 жылғы сәуір айынан бастап - Астана қаласының әкімі.
2014 жылдың қазанынан ҚР Қорғаныс министрі болды.
2016 жылдан осы тағайындауға дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып қызмет атқарды.