Таспиховтың сенімді өкілдері Қызылордада үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері Қызылордада үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таспиховтың сенімді өкілдері Қызылордада үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Белсенді жастар 1 маусым мереке күні кешке серуенге шыққан қала тұрғындары арасында үгіт-насихат парақшараларын таратып, Аманкелді Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы туралы хабардар етті.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Қазіргі таңда 7 кандидат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әлихан Асқарұлы