Таспиховтың сенімді өкілдері шымкенттік сайлаушылармен кездесті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ел президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховты қолдау мақсатында бүгін Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров саябағында сайлаушылармен кездесу өтті. Бұл туралы Қазақстан кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«ЛТД-Тұрмыс» ЖШС жұмысшыларымен кездескен белсенді топ 200 адамның басын қосты. А. Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының өкілі Берік Бекжанов алда келе жатқан сайлаудың ел өміріндегі маңызына тоқталды. Ол азаматтарды сайлауға аса жауапкершілікпен қарап, дауыс беруге үндеді. Үміткердің тұғырнамасымен таныстырып шыққан штаб басшысы кандидат ұстанымдарын жіті түсіндіріп өтті. Берік Бекжанов еңбеккер құқығы мен мүддесі жайлы айта келе А.Таспихов тұғырнамасының басты ұстанымы - қарапайым еңбек адамына жасалуы тиіс қамқорлық екенін атап өтті.

Жиында сөз алған құрылыс комплексі жəне ТҮКШ қызметкерлері кəсіподағының төрағасы, сенімді өкіл Абдурайра Манахов халық қамы үшін аянбай қызмет ететін кандидатты таңдау - əрбір Қазақстан азаматының борышы екенін айта келе, қатысушыларды жаппай дауыс беруге шақырды. Көкейде жүрген сауалдарын қойып, оған тұшымды жауап алған жұмысшылар елеулі саяи додаға бейжай қарамайтындарын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар