ТАСС-тың жаңа бас редакторы РИА Новости-ден келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік ТАСС ақпараттық агенттігі қызметкерлерінің 25 пайызын қысқартып, қалғандарының еңбекақысын кеспек.

ТАСС-тың жаңа бас редакторы РИА Новости-ден келді

ТАСС-тың бас дриекторы Сергей Михайлов «Ведомости» газеnіне берген сұхбатында бұған қаржылық және экономикалық дағдарыс себеп болғанын мәлім етті.

Қазір ТАСС-та 1700 адам жұмыс жасайды, деп жазады Би-би-си. Еңбекке ақы төлеу қоры 20 пайызға азайтылады.

Михайлов жаңалықтар өндірісін қымбат деп атады, оның айтуынша, оардың әрқайсысы үш мың рубль тұрады. Бұдан бұрын агенттік қызметкерлердің екбекақысына бюджеттің 80 пайызы жұмсалды, ал дағдарыс жағдайында бұған 100 пайыз қаржы жұмсалады, деді бас директор.

ТАСС жаңалықтар ағынының алдында емес, соңында келеді және қолданушыларына эксклюзивтік ақпаратты аз береді, деп атап өтті Михайлов.

Оның айтуынша, агенттіктің кейбір бөлімшелері таратылуы немесе қайта құрылуы мүмкін.

ТАСС-тың жаңа бас редакторы қызметіне РИА Новости агенттігі бұрынғы басшыларының бірі Максим Филимонов тағайындалды