Тасымалдаушыларға автобус паркін жаңарту үшін жағдай жасалады
Атап айтқанда, қаулымен тасымалдаушының келісімшарт жасағаннан кейін автобустарды белгіленген мерзімге сәйкес екі жыл ішінде кезең-кезеңмен жаңарту жөніндегі міндеттері қарастырылған. Осы талаптарды ұстанған жағдайда бағдар бойынша өткен қызмет көрсету келісімшарты конкурс өткізілмей 10 жылға ұзартылады.
«Бұрын бағдарға қызмет көрсету құқығын конкурстық негізде алған тасымалдаушымен әкімдіктер 3-5 жылға келісімшартқа отыратын. Оның бірнеше кемшіліктері болған: тасымалдаушылар өнеркәсіптің келешектегі ұзақ мерзімді дамуын жоспарлай алмайтын және жаңа автобустарды сатып алуға несие алуға мүмкіншіліктері болмайтын. Жаңа ереже оларға бағдарда ұзақ уақыт жұмыс жасауға кепілдік береді»,- деп атап өтті ҚР ККМ Автомобиль көлігі департаментінің директоры Ерлан Жұмашев.
Сонымен бірге, ол жаңа ережелер автокөлік құралымен жолаушыларды тасымалдағанда сапа және қауіпсіздік дәрежесін арттыруға мультипликативтік әсер ететіндігіне назар аударды.