Тасжол бойындағы 98 бағананы ұрлап кеткен
АСТАНА.ҚазАқпарат - Минскі милициясы Минск-Гродно бағытының бойындағы 98 бағананы ұрлап кеткендерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды БЕЛТА.
Жергілікті ішкі істер ішкі істер басқармасы аталған ұрлықтың 6 сәуір мен 9 сәуір аралығында жасалғанын айтты.
Воложинск ауданы, Мазурка елді мекені жанындағы Минск-Гродно тасжолының 84-ші шақырымында белгісіз біреулер 98 металл бағананы қолды қылды.Оның әрқайсысының ұзындығы 2,5 метрден. Бағаналар жол жиегіне қойылатын қоршаулар үшін арнайы орнатылған»,-деді ІІБ қызметкерлері.
Қазыр жергілікті милиция қылмысқа қатысы бар адамдарды іздестіру үстінде.