Тасжолда толғағы қысқан әйелді полицейлер перзентханаға жедел жеткізді

Жүргізушілердің бірі патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне келіп автокөлікте жүкті әйелдің толғағы басталғанын және оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу керектігін айтқан.

роддом Жезказган
Фото: Жезқазған әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл жағдай 28 шілдеде түнгі сағат 00:50 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 590 шақырымында болған.

«Райымбек Қабдиев пен Қанат Ақмырзаев жедел түрде автокөліктің кедергісіз жүруін қамтамасыз етті. Перзентханаға жеткізілген келіншек аман-есен ұл босанды. Жас ананың жақындары полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді», — деп жазды ІІМ-нен.

Айта кетейік, Атырау облысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жыл басынан бері толғағы қысқан 4 жүкті әйелді перзентханаға жеткізуге көмектескен.

Соңғы жаңалықтар