Татьяна Навка, Роман Костомаров, Ирина Слуцкая және тағы басқа атаулы фигуристер Астанаға келеді
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Ресейдің 19 әйгілі фигуристері Астанаға келеді. Олардың арасында Татьяна Тотьмянина, Максим Маринин, Маргарита Дробязко, Повилас Ванагас, Максим Шабалин, Максим Ставиский, Албена Денковалар бар.
Олар біздің астанаға қаланың 14 жылдығын мерекелеу күндерінде келіп, Игорь Крутойдың музыкасына жазылған Илья Авербухтың «Мұздағы оқиғалар» мұз шоуына қатысады. Шараға сондай-ақ қазақстандық фигурист, Азиада чемпионы Денис Тен де қатысады.
Ерекше шоу 7 шілде күні «Алау» мұз сарайында өтеді.