Татьяна Охлопкова ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Татьяна Витальевна Охлопкова Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметінен босатылды.

Татьяна Охлопкова ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.