10:44, 20 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Татьяна Потемкина Нью-Джерсида әлемдік рекорд орнатты
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әлемнің бес дүркін жеңімпазы, Азия мен Еуропа чемпионы, гір көтеру спортынан Ирландияда өткен ашық чемпионатта алтыннан алқа таққан теміртаулық Татьяна Потемкина Нью-Джерсидағы халықаралық турнирде салмағы 24 келі гір тасын жұлқып көтеруде әлемдік рекорд орнатты - ол 10 минутта гір тасын 170 рет көтеріп, бірінші орынды иеленді.

АҚШ-та Т. Потемкинаға американдық нормативтер бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына тиесілі норманы артығымен орындағаны жөніндегі сертификат табысталды.