Татарстан Алматы облысымен экономикалық байланысын нығайтпақ

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов Алматы облысындағы жұмыс сапарын Панфилов ауданында жалғастырды. Өңір басшысы Амандық Баталов Татар елінің Президентіне Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» халықаралық ынтымақтастық орталығын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Татарстан Алматы облысымен экономикалық байланысын нығайтпақ

Биыл бұл орталық аумағына 4,5 млн адам кіріп-шығады деп күтілуде. Ал «Қорғас» шығыс қақпасы еркін экономикалық аймағынан 8 айда 110 мың контейнер өтті. Татарстан басшысы болашақта Алматы облысы арқылы Қытай нарығына шығып, Жетісу өңіріне бірқатар инвестициялық жобалар тартуды қарастыратынын жеткізді.
null 

Рустам Миннихановтың айтуынша, «Қорғас» ынтымақтастық орталығы Татарстанда өндірілетін тауарларды Қытайға экспорттаудың тиімді алаңы. Ал еркін экономикалық аймақ инвестиция тартып, жаңа кәсіпорындар ашуға қолайлы. Мәселен Татар елінде полимер өнімдерін өндіру мәселесі жақсы жолға қойылған.
null 

«Қазіргі басты мақсат - Қазақстан мен Қытай нарығын зерттеу міндеті тұр. Мұнымен Президентпен еріп келген мамандар айналысатын болады. Жалпы бұл сапар Жетісу өңірі мен Татарстанның өзара ынтымақтастық қарым-қатынастарын дамыту жоспары аясында жүзеге асуда», деп атап өтті Татарстан Президенті.
null 
null