Татарстан мектептерінде қытай тілі оқытылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстандағы алты мектепте 1 қыркүйектен бастап қытай тілін оқытатын болады. Бұл қосымша сабақ түрінде эксперимент ретінде енгізіледі, деп мәлім етті Татарстан Білім және ғылым министрі Энгель Фаттахов.
Министрддің баспасөз-хатшысы Алсу Мұхамедованың айтуынша, қытай тілі оқудан тыс қосымша ретінде оқытылады. »Кейбір ата-аналар осылай болуын қалап отыр. Қазіргі басты проблема - қадрлар табу», дейді ол.
Айта кеткен жөн, Татарстан мектептерінде ең көп таралғаны -ағылшын тілі. 2014 жылдан бері бұл тіл республика мектептерінде бірінші сыныптан бастап оқытылады.
Өңірде 1, 5 мыңға жуық орта білім беретін мектеп, гимназия және лицейлер бар.