Татарстан муфтиіне қастандық жасаған 4 күдікті ұсталды

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат -  Татарстанның муфтиі Илдус Файзовке қастандық жасап, оның орынбарасы Валиулла Якуповты өлтірген 4 күдікті ұсталды.

Татарстан муфтиіне қастандық жасаған 4 күдікті ұсталды

 Бұл туралы бүгін РИА Новости хабарлады.

Тексеру комитеті ұсталғандардың есімін атап шықты, олар - "Идель-Хадж" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Рустем Гатауллин, "Вакф" басшысы Мурат Галлеев,Татарстандағы Высокогорский  ауданының тұрғыны Айрат Шакиров және Лаишев ауданының тұрғыны Азат Гайнутдинов.

Еске салайық, Якуповты 19 шілде күні Казаньда үйінің кіреберісінде атып кетті. Содан сәл уақыттан соң Файзовтың көлігі жарылған болатын.