Татарстан «Жаңа толқын» байқауын Юрмаладан Қазанға ауыстыру үшін дауыс жинап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстан жас орындаушылардың «Жаңа толқын» халықаралық байқауын Латвиядан Қазанға ауыстыру үшін дауыс жинап жатыр.

Татарстан «Жаңа толқын» байқауын Юрмаладан Қазанға  ауыстыру үшін дауыс жинап жатыр

Бұл туралы журналистерге Мемлекеттік кеңестің депутаты Николай Рыбушкин хабарлады. Ол Қазанда дауыс жинаудың 30 қосыны ашылғанын айтты. Әркім өз қолдарын петицияға қоюы керек, бұл шара 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Содан кейін петицияны Ресей президентіне жолдайды. Сонымен бірге, конкурстың ауысуы үшін new-wave-kazan.ru сайты арқылы виртуалды дауыс беруге болады. Осыған дейін Қазан қаласының мэрі Ильсур Метшин байқауды ауыстыру жөнінде айтқан болатын. Ол РФ мәдениет министрі Владимир Мединский мен байқаудың президенті Игорь Крутойға осы мәселеге орай үндеу жолдады.