Татарстанда 14 жастан үйленуге рұқсат етілді

ҚАЗАН. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Татарстанда ұлттық салт-дәстүрлерді заңдастыру туралы шешім қабылданды. Мысалы, егер нәрестенің ата-анасы Туқаевтар деген текте болса, баланы енді Туқай деген текпен тіркеуге болады. Немесе, баланың әкесінің немесе атасының атын тек етіп алуға да болады.
None
None
Тағы бір өзгерту үйленуге асыққандарды қуантып отыр. Егер, бұрын ерекше жағдайларда 16 жастан үйленуге рұқсат берілсе, енді 14 жастан рұқсат берілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Комсомольская правда» газетіне сілтеме жасап.
Соңғы жаңалықтар