Татарстанда әйел бес баласымен үйінде өртеніп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстанның Лениногор ауданындағы Старый Кувак кентінде жекеменшік үйде болған өрттен бір әйел мен бес бала көз жұмды, деп хабарлады Татарстан ІІМ-нен.

Татарстанда әйел бес баласымен үйінде өртеніп кетті

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, үйдің өртенуі туралы хабар 9 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 00:40-та түскен. Өрт сағат 01:01-де сөндірілді. Оқиға салдарын жою жұмыстарына 36 адам мен 14 техника бірлігі жұмылдырылды.

«Оқиға орнына тергеу-жедел тобы жіберілді. Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар бес баланың және үй иесінің мүрдесін анықтады», - деп жазады агенттік.