Татарстанда Қазақ киносының күндері өтеді

ҚАЗАН. ҚазАқпарат - 15-18 наурыз күндері аралығында Татарстанның Қазан қаласында Қазақ киносының күндері өтеді. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан елшілігінің ресми сайтында хабарланды.

Татарстанда Қазақ киносының күндері өтеді

«Мир» кинотеатрына келушілердің назарына алты кинофильм ұсынылатын болады. Олар - «Жұлдыздар тоғысқанда», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Әміре», «Оралман», «Талан» және «Анаға апарар жол».

«Қазандағы көрсетілімнен соң Қазақ киносының апталығы Татарстанның аудандарында жалғасады. Барлық көрсетілімдерге кіру тегін», - делінген елшілік мәліметінде.