Татарстанда көлік жарылысынан бас мүфти жарақаттанып, орынбасары қаза тапты

АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Көліктің жарылуы салдарынан Татарстанның муфтиі Илдус Файзов жарақаттанды, ал оның орынбасары Валиулла Якупов мерт болды.

Татарстанда көлік жарылысынан бас мүфти жарақаттанып, орынбасары қаза тапты

Татарстан Мұсылмандар діни басқармасы аппаратының басшысы Ришат Хамидуллин мәлім еткендей, муфтидің көлігі жарылды, ал өзіне оқ атылды.

Татарстанның ТЖМ Казань қаласындағы Мусин және Четаев көшелері қиылысында Landrover Cruiser көлігі өртеніп кеткендігін ғана хабарлауда. Ал Мұсылмандар діни басқармасының аппараты бұны муфтиге жасалған қастандық деп отыр.