Татарстанда көлік тізгіндеген қыз 3 баланы қағып өлтірді

Алматы
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZNFORM – Татарстанның Мензелинский ауданында көлік тізгіндеген қыз 3 баланы қағып өлтірді. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне жедел қызмет өкілдері хабарлаған.

«Жоғары Такермен ауылына жол жиегімен 5 бала кетіп бара жатқан. Үшеуін көлік қағып, мерт болды. Көлікті 1987 жылғы қыз басқарып келе жатқан», - деп хабарлады агентікке дереккөз.

Сондай-ақ ол үшеуінен өзге бала зардап шекпегенін жеткізді.

Республика прокуратурасының Telegram-каналында Мензелинский ауданы прокурорының міндетін атқарушы Тимур Габдуллин жол-көлік оқиғасының сағат 18:00 кезінде болғанын атап өтті. Қыз бала Toyota Camry көлігін басқарып келе жатқан. Ал балалар алған жарақаттарынан дәрігерлер келгенше жан тапсырған.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, республика прокуратурасы оқиғаның орнын тексеріп, қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастарылып жатыр. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр, тексеру ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар
telegram